Қазақстан Республикасының президенті оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы жарлыққа қол қойды

"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы заңына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасының үкіметі ұсынған оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әрбір күнтізбелік жылға 20000 отбасы мөлшерінде белгіленсін",- делінген жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.