Қазақстан Республикасының президенті жерді өз еркімен басып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет деп санайды

"Ешкімнің өз еркімен жерді басып алуға құқығы болмауға тиіс - ол үшін заңда қатаң қылмыстық жаза қарастыру керек",- деп атап көрсетті президент. "Жер телімдерін тәркілеудің барлық процедуралары айқын және қоғам бақылауында болып, сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік бермеу үшін олар заңмен реттелуі керек",- деді Н. Назарбаев.

Ол сондай-ақ, "жерді тәркілеуде тәртіп орнату қажет", деп атап өтті. "Осы мәселелерді бақылаудың механизмдерін әзірлеу керек",- деп атап көрсетті президент.

"Мемлекеттік қажеттілікпен жаппай бүркемеленіп, жер учаскелері босатылып жатыр, онда кейіннен аса қымбат тұратын элиталық тұрғын үйлер, сауда үйлері немесе кеңселер бой көтеруде",- деді ол. "Әрине, құрылыс салу керек, мұнымен ешкім дауласпайды, бірақ мұны заң аясында іске асыру керек",- деп атап көрсетті елбасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті