Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2007 жылдың бірінші тоқсанында 10 млрд теңге сомасындағы қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады

"Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 10 млрд теңгені құрап отыр, олардың 2,9 млрд бюджетке қайтарылуға тиіс, ал бюджетке 1,1 млрд теңге қайтарылды",- деді Н. Коржова.

Оның айтуынша, есеп беру тоқсанында 2043 нысанға бақылау жасалған, олардың 305 республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер болса, 1237 жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеле , және де 501 шаруашылық субъектілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті