"Қылмыстық іс жуық арада аяқталады. Мен тек мынаны ғана айта аламын: айтарлықтай көлемдегі мүлік тәркіленді, бірақ бұл активтер бюджеттік қаржының орнын толтыруға жете ме, жоқ па, мен оны айта алмаймын",- деді ол.
"Тарату шарасынан кейінгі қаржы адамдардың көбісіне жетпеуі де мүмкін. Ол негізінен кіші акционерлер үшін пайдаланылады, халыққа әрине өтемақы беріледі. өкінішке орай, онда мемлекеттік салымшылар да бар, олар өз қаражатын жоғалтады",- деді қаржы полициясының төрағасы. Ол, бұл тұлғалардың "өз жазаларын алады ... себебі мен өткен жылдың маусымында Қауіпсіздік кеңесінде бұл банктің проблемалы банк екендігін ескерткем",- деп атап өтті ол. Алдын-ала жасалған бұл сақтандыруды ескермеген шенеуніктер, менімше, өз жазаларын алуға тиіс",- деп қорытындылады өз сөзін С. Қалмырзаев.
Бұрын хабарлағанымыздай, 13-ақпандағы үкіметтің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында "Қазына" қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов журналистерге Валют-Транзит банкі" АҚ-ында қалған Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры қаржысының бір бөлігі қайтарылуы мүмкін, деп хабарлаған болатын. Оның мәліметтеріне сүйенсек, қор "Валют-Транзит банкі" АҚ-ның облигацияларына инвестиция жұмсаған, сонымен бірге, 3,5 млрд теңге көлемінде шартты орналастыру бағдарламасын жүзеге асырған. "Қазіргі уақытта несиегерлермен шартты орналастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде, демек, қаржының бір бөлігі қайтарылуы мүмкін",- деді Қ.Келімбетов.