Қазақстан Республикасының қаржылық тәуекелін ерте анықтау жүйенің ішінде мекемеаралық үйлестіруді қажет етеді - Ұлыбритания ғалымы

"АҚШ пен Ұлыбританияда қарыздық тұтыну немесе жылжымайтын мүлікке жұмсалған қаржыға бақылау орнататын жаңа жүйе енгізілетін болады. Онда мұндай бақылаудың мекемеаралық үйлестіруіне ерекше көңіл бөлінбек. Себебі, басты проблема (АҚШ-дағы ипотекалық дағдарыс кезінде) мұндай мекемеаралық қатынастың болмауында болған еді", - деді Р. Кент.

Британия ғалымы ипотекалық несиенің басты проблемаларының бірі осы ипотекалық активтерді бюджеттік шоттарға бөлу болғанын еске салды. "Бұл жерде олардың нағыз құны айрықша ұлғайтылып көрсетілген. Мұны аудит жүргізгенде де байқамаған. Бұл активтер әртүрлі жүйелерде сатылған және қайта сатылған. Уақыт өте келе бұл активтермен байланысқан қаржы жүйелерінің саны өсе берген", - деп атап көрсетті ол.

"Ең үлкен проблема тауарларға жұмсалған шығындарды қандай да бір үкіметаралық қадағалаудың жоқтығы болды. Бұлардың бәрі елді экономикалық және қаржы дағдарысына алып келді", - деген пікірде Р. Кент. "Басқа сөзбен айтқанда, АҚШ пен Ұлыбританияның ойшыл үкіметтері жай ғана жағдайды сараптамадан өткізуге шамалары жетпеді. Сондықтан, аталмыш проблемаларды айналып өтетіндей негізгі шешімдерді қабылдай алмады", - деп сөзін толықтырды ол.

Оның айтуынша, "бұл бірінші кезекте АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері тәуекелді хабарлау жүйесінің үкіметаралық үйлестірілуін қамтамасыз ете алмады.