"Біз Қорғаныс министрлігінің құрылымына өзгерістер енгіздік, құрылым бекітілді, және де жақын күндері мен оған жан-жақты түсініктеме беретін боламын. Біз министрліктің әскери және азаматтық құрамды бөлігінің арасын ашық бөлуіміз қажет, бұл басқарудың айқын жүйесін құруға мүмкіндік береді",- деді Д. Ахметов.
"Қандай да бір дәрежеде бір-бірін қайталайтын және де жаңа Әскери доктринаның талаптарына сай емес бірқатар құрылымдар қысқартылатыны сөзсіз",- деп қосты ол. Қорғаныс министрі сондай-ақ, жуықта құрылған әскери дайындық департаментінің арқасында "әскер дайындығының деңгейі айтарлықтай өсетін болады", деп санайды.
Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта министрлікте құрылған жұмыс тобы "армияға тән емес функцияларды бәсекелес ортаға кезең-кезеңмен өткізу жайын қарастырып жатқандығын хабарлады. "Бұл жұмыс жүріп жатыр және де ол жақын арада тиісті шешімін табады",- деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті