Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшісі осы ел парламентшілерінің одақтастық байланыстар туралы келісімді толықтыруға кері қайтарған ұстанымымен келісе алмайды

Ө.Өзбековтың айтуынша, Қырғызстан парламентінің Қазақстан мен өз елдері арасындағы одақтастық байланыстар туралы келісімді "бекітуден бас тартуы депутатардың ар-ұжданына байланысты". Елшінің айтуынша, одақтастық байланыстар туралы келісім екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайтын күретамыр құжаттардың біріне жатады. Сол себепті заңнамалық негізді қалағаннан кейін барып қана кез-келген бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы мәмілеге келу керек.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімді бекіту туралы мәселені Қырғызстан парламенті- заң шығару жиналысының төменгі палатасы - жогорку кенеш депуттары 2004-жылғы 6-7 -желтоқсанда қараған. Талқылау барысында кейбір депутаттар құжатты еңбек миграциясы мен басқа да салаларда Қырғызстан азаматтарының мүддесін қорғай алмайтын "азусыз" құжат деп атады. Нәтижесінде, депутаттар ҚР СІМ қызметкерлерінің қатысуымен құжатты қайтадан толықтырып, палатаның қарауына екінші қайта ұсыну туралы шешім қабылдады.
"Жалпы, келісімді азулы немесе азусыз деп қарастырудың өзі ерсі",- деп санайды Ө.Өзбеков. "Парламент депутаттары келісім Қырғызстандық еңбек мигранттарының Қазақстан аумағындағы мүддесін қорғамайды деген ескерту айтты. Бірақ шын мәнісінде мұндай келісімге жеке қол қойылуы тиіс",- деді елші.
Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, келісімге қол қою туралы бастаманы Қырғызстан жағы көтерген. Оған Асқар Ақаевтың Астанаға ресми сапары кезінде, 2003-жылғы 25-желтоқсанда қол қойылды. Қазақстан бұл келісімді әлдеқашан бекіткен.