Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі мен ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы Қоғамдастық елдерінің өзара интеграциялық ынтымақтастығы туралы мәселені талқылады

Тараптар егжей-тегжейлі әңгіме барысында Қоғамдастық елдерінің өзара интеграциялық ынтымақтастығы туралы мәселені жан-жақты талқылады. Олар Қоғамдастық аясындағы энергетика, көлік, ауылшаруашылығы және басқа да экономика салаларындағы басымдық берілген мақсат-міндеттерді талқылады.

ЕурАзЭҚ аясындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуда Қазақстанның атқаратын айрықша роліне баса назар аударылды. Қазақстанда жобасы жасалып жүзеге асырыла бастаған индустриялық-инновациялық бағдарлама Қоғамдастық елдерінде үлкен қызығушылық туғызып отыр деді Г.Рапота. Оның атап көрсетуінше, ЕурАзЭҚ аясындағы Қазақстанның серіктестері өз ұлттық бағдарламаларын жасауда экономикалық дамудағы Қазақстанның озық тәжірибесін жан-жақты зерттеуде.
ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.