Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметінен босатылды

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметінен босатылды", - деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Д. Қасейінов - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Әр жылдары ол мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің орынбасары, мәдениет министрі, Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бас хатшысы, ҚР СІМ арнаулы тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметтерін атқарған.