"Барлық аймақ әкімдері жер телімдерін тұрғын үй салуға бөлуге қатысты мәселелердің заңдылығын сақтауда тәртіп орнатуларыңыз қажет",- деді бүгін аймақ әкімдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов.
"Біз әсіресе ірі қалаларда апатты, заңсыз құрылыстар салудан бойымызды аулақ салуымыз қажет. Аталмыш жұмыс тек халықаралық беделді сәулетшілер тартылған бас жоспар негізінде жүзеге асырылуға тиіс",- деді премьер.
"Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне аталмыш мәселе бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын, мүмкін, қаланы дамытудың бас жоспарын қайта қарау керек",- деп қосты К. Мәсімов.
"Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік келесі аптада өздерінің осы бағыттағы орталық деңгейде не істеу қажет деген ұсыныстарын таныстыруға тиіс",- деп қорытындылады үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті