"Біз бұны қолдауға, тарифтік саясатты қайта қарастыруға дайынбыз. Үкімет теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселесінде де қолдауға әзір", - деп атап көрсетті үкімет басшысы. "Алайда сіздер нәтиже бойынша біз сонша вагон сатып алынады және астық пен мұнай өнімдері дер кезінде тасымалданады деп нақты айта алатындай кепілдік міндеттеме алуларың керек", - деп атап көрсетті К. Мәсімов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басшылығына арнап.
"Қазірдің өзінде темір жолды дамыту бағдарламасын үкімет қабылдап үлгерді. Жоспарлар әрқашан ізгі ниетте. Алайда қазіргі нәтижелер қанағаттандырмайды. Әзірге темір жолды дамытудың тоқтаусыз жұмыс істейтін нақты жүйесін жасаған жоқпыз. Әрқашан жаңа мәселелер туындауда", - деді премьер.