Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгерту туралы шешім қабылдады

Ішкі міндеттемелер бойынша ЕРТ нормативі 5% деңгейінде, резидент еместер алдындағы міндеттемелер мен резиденттік белгісіне қарамастан бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер жататын өзге міндеттемелер бойынша 10% деңгейінде белгіленді. ЕРТ бұрынғы нормативтері 6% және 8% болатын.
Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес ЕРТ жаңа нормативтері қаулы қабылданған күннен бастап кемінде бір айдан кейін күшіне енеді. Басқарма оларды қолданысқа 2007 жылғы 29 тамыздан бастап енгізу туралы шешім қабылдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті