Ұлыбритания қорғаныс Академиясының негізінде 1926-жылы құрылған қорғаныс саласындағы зерттеулер жөніндегі Корольдік Коллежі Ұлыбритания және басқа елдердің азаматтарын мемлекеттік және жеке меншік секторда істейтін әскери мамандар ретінде дайындайды. Мамандардың аналитикалық ойлау қабілетін арттыру, қорғаныс және халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қатысты біліктілігін көтеру, стратегиялық көзқарас қабілетін дамыту - коллеждің басты мақсат-міндеті болып саналады.
Қазақстан елшісі тыңдаушыларға гитлерлік Германияны жеңуге Қазақстанның қосқан үлесі, соғыс жылдарында тылдағы әскери экономика құру мен қазақстандықтардың соғыс пен тылдағы ерліктері туралы әңгімелеп берді.
Елші сонымен бірге қазіргі заманғы Қазақстанның саяси және экономикалық қарқынды дамуы, ел басшылығының демократиялық процесстерді тереңдетуге және кемелденген азаматтық қоғам құруға бағытталған қадамдары туралы сөз қозғады. Ол ЕурАзЭҚ, ТМД, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы аясындағы интеграциялық процесстерді дамытуға және Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайы сынды маңызды халықаралық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған Қазақстанның табанды саясаты мен халықаралық коалиция құрамына қамтылуы туралы атап өтті. Бұл қадамдардың барлығы да аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға Қазақстанның қосқан үлесі болмақ.
Е.Ыдырысов Әскери Академияға ескерткіш кітаптар мен Қазақстан туралы бейнематериалдар, ұлттық сый-сыяпаттарды табыс етті.