Қазақстан Республикасының заңсыз кірісті заңдастырумен күрес жөніндегі заңының жобасын толықтырып дәйектеу қажет - Кәсіпкерлер форумы

"Кәсіпкерлердің пікірінше, заң жобасы біршама толықтыруды талап етеді", -деді Р. Баталов.

Оның айтуынша, мұндай пікірді кәсіпкерлер Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы 2006 жылы ЕҚЫҰ-ның қолдауымен 2006 жылы республика өңірлерінде аталған заң жобасын талқылау үшін өткізген "дөңгелек үстелдер" топтамасында ортаға салды.

"Бұл заң жобасын жүзеге асыру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, соның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға, отандық кәсіпкерлікті дамыту жолына бірсыпыра кедергілер тудыруға алып келмек", - деді Р. Баталов.

Оның айтуынша, "заң жобасының идеологиясында қаржылық мониторинг жүргізу мен осы салада қиянатшылықтың алдын алуды жүзеге асыруда азаматтар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелерін елеп-ескермеу басым".

Р.Баталовтың айтуынша, мұндай идеология жекелеген шенеуніктер, банкирлер, қаржы-экономикалық қарым-қатынастарға қатысушы басқа да жақтардың қиянатшылық жасау мүмкіндіктерін арттыру арқылы "сыбайлас жемқорлық сипатындағы қарым-қатынастар түзілетін салаларды кеңейтіп жіберуі мүмкін".

"Заң жобасында көптеген мәселелер ведомстволық актілермен заңға бағыныштылықпен реттеуге жатқызылған. Тәжірибе көрсеткендей, бұл "бизнестің жолында жаңадан көптеген кедергілердің туындауына алып келеді", - деді Р. Баталов.

Оның айтуынша, қаржылық мониторинг жүргізуге жататын ақша операциялары мен басқа да мүліктерге қатысты бап жүрді-барды жасалған. "Бұл ретте қаржылық мониторингіге қатысушы кез-келген орган қызметкерінің - банк өкілі, пошта операторы немесе нотариустың қалауымен немесе бастамасы бойынша кез-келген қаржылық операция мен ақша күдікті деп танылуы немесе тоқтатылуы" мүмкін, өйткені, "күдікті операцияларды" айқындаудың нақты критерийлері белгіленбеген.

Заң жобасын талқылауға қатысқан кәсіпкерлер, оның айтуынша, қаржылық мониторингті прокуратура органдарның жүргізетіндігіне назар аударды, яғни, прокуратураны қаржылық мониторинг жүйесін басқаруға қою ұсынылып отыр. "Сөйтіп, прокуратура бұл функцияны өзі атқарып, заңдылықтың сақталуы тұрғысында өзін-өзі қадағалайтын болады. Бұл жайт адам құқығы мен бостандықтарына және заңның сақталуына басымдық беру жөніндегі конституциялық принципті, сондай-ақ, тежеу және таразының басын тең ұстау принципін қамтамасыз ету тұрғысынан оптималды үлгі болып табылмайтыны анық", - деді форум кеңесінің төрағасы.

Өз кезегінде заң жобасын жасаушы топтың жетекшісі, мәжіліс депутаты Серік Оспанов : "2005 жылдан бастап бұл заңның жобасы жұмысқа қабыданған, онымен көптеген құрылымдар, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар айналысты, талқылаулар жүргізілді, бүгін де жоба талқыланып жатыр, жұмыс барысында біз, әрине, барлық нұсқауларды ескеретін боламыз. Мен заң жобасы шикі деп айта алмаймын, бірақ ол толықтыруды талап етеді".

Оның айтуынша, "күдікті операциялар" ұғымының анықтамасын өзгерту, мониторинг субьектілері туралы, "күдікті операцияларды" бағалау критерйилері бойынша көптеген ұсыныстар келіп түсті. С. Оспановтың хабарлауынша, сондай-ақ, "бұл заң жобасы ел азаматтарының көптеген құқықтары мен бостандықтарына қатысты, сол себепті біз заң жобасын біздің қоғамның, мониторинг субьектелерімен жан-жақты талқылау қажет деген пікірдеміз".