Министрдің жұмыс сапарының бағдарламасы Семейден басталады. Бердібек Сапарбаев зейнетақы төлеу орталығына, қарттар мен мүгедектер үйіне, сондай-ақ "Соқырлар" қоғамдастығына барып қайтуды жоспарлаған.
Одан кейін министр Өскемен қаласына жол тартып, онда бірқатар әлеуметтік мекемелерге барып қайтпақ. Бердібек Сапарбаев сондай-ақ облыс орталығында облыстық мекемелердің басшыларымен, жұмыс берушілермен, ардагерлермен кездеседі. Сонымен қатар, кездесу бағдарламасында Шығыс Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің, жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі мен көші-қон комитеті басқармасының жұмысшыларымен кездесу қамтылған.
Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында министр Первомайск ауданына барып, жергілікті қарттар мен мүгедектер үйіне барып, Ұлан ауданындағы оралмандармен кездеспек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті