Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік хатшысы Вашингтонда бірқатар кездесулер өткізді

Атап айтқанда, Қанат Саудабаев АҚШ Хельсинки комиссиясының төрағасы, конгрессмен Элси Хастингпен және АҚШ Өкілдер палатасының сыртқы істер комитетінің төрағасы Том Лантоспен кездесті.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесу кезінде көптеген екіжақты және халықаралық мәселелер талқыланған. Олардың қатарында Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету өтініші де бар. Осы мәселенің төңірегінде АҚШ өкілдері мемлекеттің бұл жоғарғы постқа ұмтылу өтінішін қолдау мен Қазақстандағы демократиялық үрдістердің одан әрі қарай дамуы, сондай-ақ, Орталық Азия және ТМД мемлекеттерінде ұйым беделін нығайту маңыздылығын баса айтты, деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының АҚШ-дағы елшілігінде Қазақстанның мемлекеттік нарадаларын сенатор Мэри Ландрье мен Эйзенхауер институтының президенті Сюзан Эйзенхауерге салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлады.

Екі елдің арасындағы достық және ынтымақтастықты нығайтуда маңызды үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 1-ші және 2-ші "Достық" орденін табыстай отырып Қанат Саудабаев "марапатталған тұлғалардың, АҚШ-ның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің осы процестегі маңызды рөлін атай отырып, екі ел мен халық арасындағы серіктестіктің бұдан әрі де дами беруіне сенім білдірді".

"Мен президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына талпыныстарымды осылайша жоғары бағалағанына айтар алғысым шексіз. Қазақстан және Америка халықтарының ұқсастықтары көп деп санаймын. Қазақстандықтар америкалықтар секілді өздерінің және балаларының қамсыз өмір сүруіне, діни және кәсіпкерлік еркіндікке ұмтылады. Біздің мемлекеттеріміз арасында энергетика, ауыл шаруашылығы, жаңа және жоғары технология сияқты салаларда ынтымақтасу мүмкінішілігіміз мол. Және бұл ынтымақтастық көптеген салалар бойынша табысты даму үстінде", - деп мәлімдеді М. Ландрье өзінің жасаған баяндамасында.

"Аса маңызды әлемдік держава Қазақстанның бұл наградасын алу маған жасалған үлкен құрмет деп білемін. Алдағы жиырма жыл ішіндегі жаһандық үрдістерді саралай отырып, өзінің геосаяси жағдайына және көптеген маңызды салалардағы жинаған тәжірибесіне сүйенген Қазақстанның халықаралық аренада жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, энергетика, саудалық және экономикалық даму сияқты салалардағы маңызды рөлі арта береді деп болжам жасап отырмыз", - деді С. Эйзенхауер.

9-қарашаға дейін созылатын Қанат Саудабаевтың АҚШ-на сапарының бағдарламасында Ақ үйде, мемлекетік департамент және энергетика министрлігінің басшылықтарымен, Конгресс және мемлекеттік емес ұйымдардың жетекшілерімен, сондай-ақ, біренеше АҚШ-ның президенттігінен үміткерлермен кездесулер жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті