Қазақстан РФ-ға қатысты әлеуетті экспорттың көлемі 6,7 млрд доллар деп бағалап отыр

оның барысында көші-қон заңын жетілдіруге, ЕАЭҚ шеңберінде өнеркәсіптік коооперацияға қатысты елбасы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Өнеркәсіптік өз ара ықпалдастық тақырыбына сөйлеген кезде инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев атап өткендей, "2013 жылдың нәтижелері бойынша Қазақстан мен Кеден одағы елдері арасында тауар айналымы 24,6 млрд АҚШ долларын құрады, экспорттың жалпы көлемі 6 млрд АҚШ доллары", делінген премьердің баспасөз қызметінен таралған хабарламада.

Министр экспорт құрылымының өзгеруін позитивті фактор деп атады.

"Бұрын шикізаттық тауарлар басым болса, соңғы жылдары экспорт құрылымының өзгеруін көріп отырмыз. Көлемі жағынан өңделген тауарлар шикізаттық тауардан асып отыр", деді ол.


Отырыста индустриалды аймақтар құру, экспорттық қаржыландыруды қолдау механизмдері, шетелде қазақстандық саудалық өкілдіктерді ашу мәселелері қаралды. Үкімет мүшелері көлік өнеркәсібін қолдау шараларын талқылады.

Отырыс нәтижелері бойынша премьер сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді.