Діни форум 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада болады.
Сенатор Съезге жан-жақты қолдау білдіргені үшін Мемлекеттік хатшы мен Ватиканның жоғары басшылығына ризашылық білдірді және Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастар өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы іс-қимылдың өнегесі болып табылатынын атап өтті.
«Қазақстан - 100-ден астам ұлт пен 17 конфессия өкілдері бейбіт және келісіммен өмір сүретін көпұлтты ел. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуда зор рөл атқарады. Қазақстан үшін толеранттық қағидасы мемлекеттік саясаттың ажырамайтын бөлшегі болып отыр. Өркениеттер үнқатысуындағы Батыс пен Шығыс арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтылыс бізді қанаттандырады», - деп атап өтті И.Адырбеков.
Мемлекеттік хатшы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға шақыруы үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа алғысын білдірді және Ватикан форум жұмысына алдағы уақытта да белсенді қатысатынын жеткізді.