«Бұл оқиға бізде демократиялық құндылықтар мен заңдардың басымдыққа ие екенін тағы бір рет дәлелдеп берді. Қазақстан сайлау процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге мүдделі», - деді Н.Назарбаев сәрсенбі күні Астанада бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау барысында.
Президент бүгінгідей күрделі кезеңде ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтап қалу арқылы мемлекетті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан халықтар ассамблеясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасаған себебі де осы шығар. Бұл бастама жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапты», - деп атап өтті президент.