"Біз үшін шетелдік және отандық байқаушылардың іс-қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру, олардың құқықтары мен міндеттемелерін айқын белгілеп беру аса маңызды мәселе. 2007 жылы біз "Сайлау туралы" заңға халықаралық байқаушылардың іс-қызметін реттеуге қатысты бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгіздік, жалпы алғанда, Қазақстан сайлауларды халықаралық және жергілікті байқаушылардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемесін толық орындап отыр ", - деді Қ. Тұрғанқұлов.
"Ал байқаушылардың құзыреті мен құқықтарына келетін болсақ, ЕҚЫҰ-ына мүше басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда байқаушылар сайлау науқанының барлық кезеңдерінде оны барысы туралы кәсіби пікір қалыптастыру үшін қуатты мүмкіндіктерге ие", - деді ол.
"Алайда, егер біздің бірлескен талқылауларымыз барысында байқаушыларға сайлау науқанына қатысты барлық жайттардың толық әрі айқын сипаттамасын жасауға мүмкіндік беретін заңды құқықтық шаралар ұсынылып жатса, жұмыс тобы оны талқылауға дайын", - деді ол дөңгелек үстелге қатысқан ЕҚЫҰ, саяси партиялар мен Қазақстанның бейресми ұйымдарының өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.