Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта - Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер "жасыл" аймақта.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан "жасыл" аймақта болған еді.
Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 150 198-ге жетті.