Министрлік ақпаратына сәйкес, келіссөздерге орталық президенті Ысқақов Жәнібек, орталық вице-президенті Сұлтанов Руслан, орталық президентінің кеңесшісі Нұршайықова Алма, сонымен қатар, GTZ өкілдері - Сирил Лиин мен Райнер Энгельс қатысқан.
"Тараптар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша орталық пен GTZ ықпалдастықтарының мүмкіндіктерін қарастырды", - деп көрсетілген хабарлама мәтінінде.
Сондай-ақ, кездесу барысында саудада әкімшілік және техникалық кедергілерді қысқартуға бағытталған "Орта Азия елдеріндегі аймақтық экономикалық ынтымақтастық" деп аталатын бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері талқыланған. "Аталмыш жоба қазірдің өзінде Қырғызстан мен Тәжікстанда белсенді түрде жүзеге асырылуда", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті