Қазақстан саяси мемлекеттік құрылысының моделін жетілдіре түседі - президент

"Тәуелсіздіктің 16 жылында біз қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстандық парапарлықты қалыптастыру, жалпықазақстандық отаншылдықтың тек өзімізге ғана тән моделін жүзеге асырдық. Бұл біздің қазақстандық ноу-хау, оны біз мақтан тұта аламыз және оны көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз", -деді президент. Мемлекет басшысы Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланған депутаттарды еліміздегі келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту процессінде айрықша роль атқаруға шақырды.

"Мемлекетті, оның қауіпсіздігі мен экономиканың тұрақты дамуын одан әрі нығайту үшін ұзақ мерзімді тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім қажет екенін атап өткім келеді. Біз туралы не деп жатса да, біз өзіндік жолымызбен жүріп келеміз, бостандық пен адам құқықтары саласында да ешкімнен артта қалған жоқпыз, бірақ біз бұдан былайғы қадамдарымызға қатысты барлық істер мен осы мәселені еліміздегі тұрақтылықпен тығыз сабақтастыра өлшейтін боламыз", - деді президент.