Қазақстан сенаторлары ЮНИСЕФ- тің наградаларын алды

Бүгін сенаттың пленарлық отырысында, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Александр Зуев депутаттарға наградаларын табыс етті. Ол атап өткеніндей, ЮНИСЕФ жоғарғы наградасы 1996 жылы Қазақстанның бірінші ханымы -Сара Назарбаеваға берілген болатын.

"Өздеріңіздің заңнамалық шығармашылық қызметіңізбен позитивтік өзгерістер арқылы балалардың құқығы, аналар мен балалық шақ және тағы да бірқатар мәселелерді қамтитын заңдарды қабылдау арқылы сіздер үлкен роль атқардыңыз", - деп мәлімдеді А. Зуев.

ЮНИСЕФ марапатына сенаттың вице-спикері Мұхамбет Көпеев, Нұрлығайым Жолдасбаева, Мүсірәлі Өтебаев, Светлана Жалмағамбетова, Қуаныш Сұлтанов, Бексұлтан Тұтқышев ие болды.