А. Маминнің айтуынша, «нағыз ерлерге арналған спорт» Қазақстанда тұрақты дамып келе жатыр. «Соның айқын дәлелі Қазақстан әуесқойлары хоккей лигасының құрылуы. Сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірде спортқа, соның ішінде дәл осы хоккейге арналған спорт сарайларының көптеп салынуы», - деп атап өтті ол.
Іс-шараның басты мақсаты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, елорда тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету, халықтың әр санатын, балалар мен жасөспірімдерді хоккеймен айналысуға тарту, дейді ұйымдастырушылар.
Жарысқа ардагерлер мен жастар құрамаларынан жасақталған 15 команда қатысты. Биыл астаналық чемпионатқа Алматы, Қарағанды, Рудный қалаларының командары қатысты.