Қазақстан шайды ең көп ішетін елдердің ондығына енді

Аталған тізімге шайдың түр-түрін өндіретін Қытай мен Үндістан да ілікпеді. Үндістанда мұндай жағдайдың болуы тұрғындардың басым бөлігінің тұрмыс жағдайының төмен болуынан, ал Қытайда шайды демдеудің дәстүрлі әдістерін пайдаланады. Бұл шайды үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар қытайлықтар көк шайды ұнатады. Оны бірнеше рет қайнатуға болады, сондықтан мұнда пайдаланған шайды әр тұрғынға шаққанда үлкен көрсеткіш шықпайды. 

10. Қазақстан. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 1,54 кг 
Орыс ғалымы М.Я.Киттары ХIХ ғасыр ортасында қазақтар шайды «уақытты пен орынды таңдамай» ішетінін жазған. Шынында да, Қазақстанда тамақтанғанға дейін де, одан кейін де, тіпті тамақтанып жатқан кезде де шай ішеді. Қонақтар келсе, тағы да барлығы дастархан басына шай ішуге жиналады. 

Бүгінде Қазақстан тұрғындарының 99% күн сайын шай ішеді. Бұл адамдардың жартысы күніне бұл сусынның 4 кеседен астамын тұтынатынын білдіреді. Шай ішу қазақтың ұлттық дәстүріне айналды. Бір шыны шай ішуді ұсынған кезде одан бас тарту тәрбиесіздік ретінде саналады. Қазақстанда шай әзірлеудің сан алуан әдістері бар. Олардың кейбіреуі өзгелерге жат көрінуі мүмкін (мәселен, қаймақпен, тұзбен, талқанмен шай ішу). 

Қазақстаннан басқа бұл тізімге мынадай елдер еніп отыр: 


9. Катар. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 1,60 кг 
8. Кувейт. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 1,61 кг 
7. Біріккен Араб Әмірлігі. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 1,89 кг 
6. Сейшель аралдары. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 2,08 кг 
5. Ұлыбритания. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 2,74 кг 
4. Мавритания. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 3,22 кг 
3. Ирландия. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 3,22 кг 
2. Марокко. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 4,34 кг 
1. Түркия. Әр тұрғынға шаққанда шайды тұтынудың орташа көлемі - 6,87 кг