«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 3 кенші әлі іздестіріліп жатыр

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Шахтада өрт басталған кезде 227 адам болған. Бірден апатты жою жоспары енгізіліп, менің басшылығыммен жедел штаб құрылды. 18 тамыздағы жағдайға сәйкес, емдеу мекемелерінде 11 жұмысшы бар. Олардың 9-ы Қарағанды қаласында, екеуі Шахтинск қаласында ем алуда. Құтқару операциясын жүргізу нәтижесінде қаза тапқан 2 шахтердің мүрдесі табылды. Үш шахтерді іздеу жалғасып жатыр», - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Сонымен қатар ол қаза тапқан және зардап шеккен шахтерлердің отбасына және туған-туыстарына көңіл айтты.

«Қажетті барлық көмек компания тарабынан да, мемлекет тарапынан да толық көлемде көрсетіледі. Ешкі қолдаусыз және назардан тыс қалмайды», - деді Вадим Басин.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі
зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөлімінде жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.