Қазақстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекітті

Келісімде төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу саласындағы ынтымақтастық, төтенше жағдай кезінде өзара көмек көрсету және зардап шеккен тұрғындарға тиімді әрі үйлестірілген көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бірлесе талпыну қарастырылған. Бұл тараптардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына түрткі болмақ.

Құжатқа сәйкес тараптар төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға тез арада көмек көрсету үшін халықаралық құқықтың жаппай мойындалған нормалары мен принциптеріне және тараптардың заңнамаларының талаптарына бағына отырып өзара ынтымақтасуға міндеттеме жүктеп алады.

Келісімге 2005-жылдың 26-қазанында Мәскеуде қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті