Қазақстан шекарашылары 14 тонна қара металл контрабандасының жолын кесті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Көкпақ" күзітінің шекарашылары Өзбекстаннан Қазақстанға бет алып, шекара бақылау пунктін айналып өтпек боған "ГАЗ-53" жүк көлігін ұстады. Жүк көлігіне 4 тонна қара металл тиелген.

Осы тектес жүк көршілес "Ынтымақ" күзетінің аумағында құрықталып, тәркіленді. "Бұл жолы шекара қызметкерлері 6 тонна контрабандалық қара металл артқан "КамАЗ" жүк көлігін ұстады",- деп хабарлады Шекара қызметінен.

Тағы 4 тонна қара металл контрабандасының жолын "Атакент" күзетінің шекарашылары кескен. Аталмыш дерек бойынша металл тиелген "ЗиЛ-130" жүк көлігімен өткізу пунктін айналып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті