Қазақстан шекарашылары 15 тонна ұнды контрабандалық жолмен әкетпек болғандардың жолын кесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Сарыағаш шекара отрядының "Ынтымақ" заставасының аумағында Қазақстанның үш азаматы тұтқындалған. Олар өткізу пунктін айналып, көршілес Өзбекстанға үш жүк көлігімен кетіп бара жатқан. Шекарашылар көліктерден 15 тонна ұн контрабандалық жүкті тапқан.

Мәселенің жай-жапсары анықталуда.