Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша шекарашылар жасағы "Мырзакент" (Жетісай шекара отряды) шекара бекетінің учаскесінде 4 сағат 40 минутта "КамАЗ" көлігіне тиелген (21 тонна ұн) жүкпен Өзбекстанға бара жатқан екі Қазақстан азаматын қолға түсірді.
"Олар өткізу бекетін айналып өтіп, шекарадан заңсыз өтпекші болған. Қолға түскендер Жетісай қаласының қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына тапсырылды ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Шекара қызметінің берген ақпараты бойынша жыл басынан бері шекарашылар контрабандалық 95 тонна ұнды шегкрадан өткізудің 45 әрекетіне тосқауыл қойды.