Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алматы әуе жайында, Алматы - Бейжің бағытындағы рейспен $19 800 заңсыз әкетпекші болған азамат Алматы қалалық контрабандаға қарсы күрес жөніндегі бөлім қызметкерлеріне тапсырылды.
Сондай-ақ, Петропавл облысының "Жана жол-көлік" шекара бақылау бөлімінің шекарашылары Ресейге өз көлігімен бара жатқан азаматты тоқтатты. Оның көлігін тексеру кезінде қағаз салуға арналған папкісінен декларацияланбаған $2200, 230 евро мен 35 мың ресей рублі табылды.
Павлодар облысының "Өрлі төбе-көлік" шекара бақылау бөлімінің шекарашылары мен кеден қызметкерлері Ресейге көшіп бара жатқан екі Қазақстан азаматын ұстады.Тексеру кезде олардың қалталарынан контрабандалық 10 мың доллар мен 260 мың рубль табылды, деп хабарлады шекара ведомствосының баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті