Қазақстан шекарашылары бір тәулік ішінде шекара заңын бұзған 80 шақты шетел азаматын ұстады

Бүгін таратылған мәліметке сәйкес, «Қорғас» өткізу бекетінің шекара жасағы Қытайдың 27 азаматын ұстады. Олар белгілі мерзімде кетуден жалтарған.

Шекара тәртібін бұзушылар Алматы облысы Панфилов ауданы соты алдында жауап береді.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында «Қапыланбек авто» өткізу бекетінде ел аумағынан кету мерзімін сақтамаған 50-ден астам Өзбекстан азаматы ұсталған.