Қазақстан шекарашылары көне тыйындарды заңсыз тасымалдамақшы болған Қырғызстан азаматын қолға түсірді

"Қырғызстан азаматы "Жайсан" өткізу бекетінде "Бішкек - Мәскеу" бағытындағы №17 жолаушы поезын тексеру кезінде ұсталды",деп хабарлады Д. Калашников.

"Поездың электр механигінің спорт сөмкесіндегі жеке заттарын тексеру кезінде шекара бақылауынан жасырылып, оралып тасталған жүк табылды. Онда біздің заманымызға дейінгі 7-8 ғасырда шығарылған металл монеталар болды", - деді шекара бақылау бөлімінің бастығы.

Оның сөздері бойынша, монеталар диаметрі 0,8 ден 30 миллиметрге дейін жетеді. Олардың жалпы саны - 129 дана.

"Қолға түскен азаматтың айтуынша, бұл монеталарды оған Бішкекте берген. Ол жүкті Мәскеуге дейін апарып, оны қарсы алған адамға тапсыруы керек болатын. Бүгінгі кезде бұған қатысты тергеу амалдары "Темір жол " кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды ", - деп атап өтті Д. Калашников.