Тараз шекарашылары отрядының "Сыпатай батыр" заставасының шекарашылары Қырғызстан азаматын ұстады. "Ол Қырғызстаннан 10 тонна бидай тиелген "КамАЗбен" келе жатқан. Контрабандашы шекарадан заңсыз өтпек болған. Қазір тергеу жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, 18 ақпанда "Қайнар" заставасының шекарашылары Қырғызстаннан шекара өткелегін айналып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады. Көліктің кузовынан шекарашылар 15 тонна контрабандалық қырыққабат тапты.