Қазақстан шекарасында есірткі тасымалдаушы ресейлік екі азамат шлагбаумды құлатқан


Елдеріне қайтып бара жатқан кезде оларды "Қарақоға авто" өткізу пунктінде шекарашылар тексеріп, 800 грамм марихуана салынған пакет тапты, делінген бейсенбіде Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.
Көлікті дұрыстап тексеріңдер, деген команданы ести сала, екеуі қашпақ болған, сол кезде шлагбаумды да қағып кеткен.
Бұл факті туралы шекаралас мемлекеттегі әріптестерге хабар берілді. Ол азаматтар ұсталды, делінген хабарламада.