"Біз алдымызға осындай үлкен жоспар қойып отырмыз. Мерзімін айту қиын. Бастабында біз құрастыру-сынақ кешенін құру жобасын жасайтын, оның құны мен салу мерзімін есептейтін мердігерді тендер негізінде таңдап алуымыз керек. Қаржыландыру мәселесі әлі шешілген жоқ", - деді Е. Нұрғалиев.
Осы жобаға Франция-Италия делегациясының, атап айтқанда, Thales Alenia Space (Франция) жеке компаниясының өкілдері қызығушылық танытқан. "Қазақстан өзінің ғарыштық индустриясын дамытуды көздеп отыр. Құрастыру-сынақ кешені осы жобаның алғашқы сатысы болады. Осы кешендерді құру жобаларына біздің қатысқымыз келеді", - деп атап көрсетті ThalesAleniaSpace компаниясының өкілі Жоселин Пианка-Риперт.