Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін ашықтық бағдарын қолдай береді - Назарбаев

"Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін ашықтық бағдарын қолдай береді. Біз келешекте инвесторлар алдына энергетиканы дамыту мәселесі көлденең тұрмайтындай болуы үшін жұмыс істейтін боламыз. Керісінше, салымдар үшін артықша қолайлы жағдайлар жасаймыз", -деді Н. Назарбаев кеңес мүшелеріне қаратып айтқан сөзінде.

"Мен кеңеске мүше барлық компанияларға, қатысушыларға Қазақстанда жаңаша мүмкіндіктерді тауып көріп, біздің саясатымызға, соның ішінед экономикаға да сенім жүктегендеріңіз үшін алғыс айтам", - деді ол.

"Уақыт өте келе Қазақстанда бизнесті дамыту мүмкіндіктері азаймай, керісінше арта түсті. Сіздер еліміздің қарқынды дамып келе жатқан экономикасы инфрақұрылымды қажетсінетініне көз жеткіздіңіздер", - деді президент.

"Осы жолы, кеңестегі кездесу барысында мен әлемдегі күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, Қазақстан халықаралық инвесторлар үшін аса қызығушылық тудыратынын көрдім. Сіздердің барлықтарыңыз да Қазақстанның ағымдағы қиындықтарды табысты еңсеріп келе жатқанына көз жеткіздіңіздер. Көптеген қаржылық ұйымдар Қазақстанға инвестиция салуға ашық ықылас білдіреді", - деді Н. Назарбаев.

Атап айтсақ, президент JP Morgan компаниясы басшылығының таяу уақыттарда Қазақстанға бүгінге дейін әкелінген $15 млрд қоса тағы да инвестициялар әкелуге дайын екенін айтқан ақпаратына сілтеме жасады. "Бұның бәрі біздің ең күрделі кезеңді артқа тастап, тағы да оң даму траекториясына түскенімізді айғақтайды", - деді Н. Назарбаев.