Қазақстан шетелдік мұнай компанияларымен жасасқан келісім-шарттарын бір жақты бұзбайды - президент



"Сонымен бірге біз шетелдік әріптестерімізден келісімдегі шарттарға қатаң бағынады , соның ішінде әлеуметтік және экологиялық бағдарламаларды бұлжытпай орындайды деп үміттенеміз",- деді мемлекет басшысы. Оның айтуынша, "өзара өнім бөлісу туралы жаңа келісімдерге қол қоюда бұдан былай Қазақстан өз мүддесін жоғарғы деңгейде ескеру тұрғысында қатаң талап қоятын болады".
Н.Назарбаев ел экономикасының отын-энергетикалық секторын дамыту саласындағы жетістіктерді атап өтті. "Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасын біртіндеп жүзеге асыру бізге 2015-жылы мұнай өндіру көлемін жылдық 150 млн. тоннаға жетуізуге мүмкіндік беру арқылы елімізді мұнай өндіруші алпауыт елдердің ондығына енуге мүмкіндік беруге тиіс",- деді ол.
Президент "көмірсутегі шикізатын әлемдік нарыққа тасымалдау мәселесі табысты шешімін табуда", деп атап өтті. "Каспий құбыр консорциумының өткізгіштік қабілетін жылына 67 млн. тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ, Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын пайдалануға атсалыстыру жөнінде уағдаластықтар жасалып, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының құрылысы аяқталып келеді",- деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының пікірінше, осы және басқа да жобаларды жүзеге асыру "экспорттық мұнай құбырларының бағыттарын түрлендіру проблемасын шешуге мүмкіндік беріп, еліміздегі инвестициялық ахуалды анағұрлым жақсартады".

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті