Қазақстан СІМ басшысы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапарға шығады

Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жұмыс бабында сапарға шығады, деп хабарлады республика сыртқы саяси ведомствосынан.

"Индонезияға жұмыс сапары барысында сыртқы істер министрі Өркениеттер альянсының 6-шы форумына қатысады", делінген СІМ бейсенбіде таралған ақпаратта.

Сосын 1-3 қыркүйек күндері Е.Ыдырысов көпжақты келіссөздер форматында жұмысын жалғастырып, Самоада өтетін шағын аралдық мемлекеттердің мәселелеріне арналған БҰҰ Конференциясына қатысады.

"Қыркүйектің бірінші жартысында Душанбеде ШЫҰ саммитін өткізу көзделген", делінген онда.