туралы өтініш жасайтындарын мәлімдеді.
«Гүлнар турға» келер болсақ, біз, әрине лицензиядан айыру туралы өтініш жасаймыз», - деп ол бүгін Астанада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Р.Жошыбаев атап өткендей, сыртқы істер министрлігінің туроператорды лицензиядан айыруға өкілеттігі жоқ, бірақ бұл мәселе бақылауда болады. «Біз өтініш жасаймыз, ары қарай лицензия беретіндер шешім қабылдайды», - дейді ол.
Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары, қазақстандық туристер «Гүлнар тур» компаниясының кесірінен Түркиядан ұшып шыға алмай отырғандарын мәлімдеген.
3 мен 9 шілде аралығында жүйелі чартерлік рейстермен Қазақстан билігінің қолдауымен Түркиядан 400-ге тарта қазақстандық турист елге жеткізілді.