Сыртқы саяси ведомство басқарушы құрамының кезекті жиналысы әлемдегі қазіргі экономикалық жағдай аясында өтті, Қазақстан дүниежүзілік және аймақтық экономикалық қатынастарға интеграцияланып отырғандықтан,ол жәйттің біздің елімізге де ықпалы бар, делінген республика СІМ Facebook-ғы ресми сайтында берілген хабарламасында.
Осы орайда күн тәртібінде негізінен бюджет қаржысын үнемдеу және шығындарды оңтайландыру мәселелері қаралды. Ведомство басшысы Ерлан Ыдырысов өзінің де, басшылықтың да шетелге іс- сапарларының елеулі қысқаратындығын атап өтті. “Бұл жұмыс режимі шетелдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктерге де қатысты”, делінген онда.