Қазақстан синтетикалық есірткіге тосқауыл қояды – ІІМ

күрес нәтижесін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ІІМ Есірткіге қарсы күрес комитеті төрағасы Жанат Битенов мәлім етті.

«Жаңадан шыққан синтетикалық есірткінің басым бөлігі біздің кестемізге кірмейді. Проблемалар да осыдан туындайды. Осыған орай жаңа Қылмыстық кодекске жаңа талаптар енгізілді. 2015 жылдан бастап біз синтетикалық есірткінің барлық түрлеріне тосқауыл қоямыз», - деді Ж.Битенов сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір «әлемнің барлық елдеріндегі сияқты Қазақстанда да ҚХР-нан келетін синтетикалық есірткінің жаңа түрлері көбейді».


«Олардан келетін қауіп күшті. Біз есірткіні тәркілейміз. Бірақ олардың арасында біздің жиынтық кестемізге кірмейтіндері де бар. Сондықтан оларды тарататын адамдарды жауапқа тарта алмаймыз. (...) Қазіргі кезде әлемде синтетикалық есірткінің 240-қа жуық түрі бар», - деді ол.