"Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянс үшін Орталық Азиядағы шешуші серіктес болып сөзсіз қала береді. Бүгінде біз Қазақстанмен қарым-қатынаста расында да жоғары табысқа қол жеткіздік", - деді К. Бисоньеро.
"Мен Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы қарым-қатынастың оң қарқынмен және айтарлықтай серпінді нығайып келе жатқанын қанағаттана атап өткім келеді", -деді өз кезегінде Д. Ахметов. "Альянспен, Еуропа елдерімен және АҚШ-пен арадағы конструктивті ықпалдастықты кеңейту - Қазақстанның сыртқы саяси бағыт-бағдарының басым бағыттарының бірі екенін айта кету керек", - деді министр.