" Қазақстан үкіметімен бұл жөнінде келіссөздер бүгін басталды. Әзірге бұл мәселе бойынша оңтайлы көз қарас білдіріліп отыр ", - деді Р.Симмонс.
Бұдан ертерек Ресей мен Солтүстік Атлантикалық Альянс Ресей территориясы арқылы Ауғанстанға әскери емес жүктерді жеткізу жөнінде келісімге келген болатын. Тиісті келісім шарт 4 сәуірде Бухарест саммиті кезінде талқыланып, екі жақты қол қойылған болатын.
" Бұл келісім Ауғанстанда қызмет атқарып жүрген әскерилерге жүкті жеткізудің балама бағытын белгілеу әрекеті. Бұл Ресей Федерациясы арқылы транзиттік жүкті жеткізуге мүмкіндік береді. Әрине Ресей шегарасы Ауғанстаннан алыс болғандықтан, енді Қазақстанмен келіссөздерді жүргізуге тұра келді", - деп атап өтті ол
"Қазақстаннан кейін мен Өзбекстанға барып, тұра осындай мәселені шешуге кірісемін", - деді Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысының арнайы өкілі.