Қазақстан Сомалиге қару сатқан жоқ - ҚР СІМ (толықтырылған нұсқа)



"Бірқатар БАҚ-тарда Қазақстанның нышан белгілері салынуы мүмкін деліген ИЛ-76 ұшағымен Сомалидің Могадишо әуежайына әскери жүктердің заңсыз жеткізілгені жөнінде ақпарат таратылуға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының аталмыш дерекке ешбір қатысы жоқ екенін және бұл елге ешқашан қару-жарақ сатып көрген жоқ деп мәлімдеме жасауға өкілетті",- деді ол.

СІМ өкілінің мәлімдеуінше, "Қазақстан Республикасы халықаралық сахнадағы барлық міндеттемелерін бұлжытпай орындайды. Соның ішінде Сомалиге әскери құрал-жабдық пен қару-жарақтың барлық түрін сатуға жаппай тыйым салу жөніндегі БҰҰ-ның 1992-жылғы №733 және 775-ші қарарларын да бұзған емес".

Отандық БАҚ-тарда хабарланғанындай, Сомали аумағына келіп қонған ұшақ "Саяхат" әуе компаниясына тиесілі-міс. Ал "Саяхат" әуе компаниясының президенті Владимир Куропатенконың ақпаратына сенсек, кейінгі екі айда компания жүк тасымалымен шұғылданған емес.

"2006-жылдың 25-маусымынан бері "Саяхат" әуе компаниясы жүк тасымалымен айналысқан жоқ. Басқаша айтқанда, екі айдан бері біз жүк тасымалдаған жоқпыз. 2006-жылдың 25-маусымынан бері әуе компаниясына тиесілі екі Ил-76 ұшағы Оралда, сондай-ақ, тағы екі Ил-76 ұшағы Алматыда болды",- деді В.Куропатенко Kazakhstan Today тілшісіне берген сұхбатында.

"Қазіргі жағдаймен компания бірде-бір ұшақты жалға немесе лизингіге алып отырған жоқ",- деді ол.

В.Куропатенокның пікірінше, "бұл мақала әуе компаниясының емес, мемлекеттің беделіне нұқсан келтіріп отыр". "Өз басым Қазақстан азаматы ретінде бұл журналистің үстінен сотқа азаматтық шағым түсірмекшімін",- деді ол.