«УзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлағандай, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жарысқа Ташкент қаласынан және Қазақстанның қалалары мен аудандарынан барлығы отыздан астам спортшы қатысқан.
Мотоцикл жарысында ересектер арасында ташкенттік спорт шебері Александр Кондрашов бірінші орынды жеңіп алды, Қазақстан намысын қорғаған Николай Климакин екінші орынды иеленді, тағы бір ташкенттік спортшы Евгений Львов үшінші орынды місе тұтты.