Қазақстан студенттері бүкіләлемдік қытай тілі және мәдениеті байқауына қатысады

Байқау үш сатыдан тұрады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара шетелдік студенттерге қытай тілін меңгеру деңгейлерін арттыруға берік негіз болып қана қоймай, оларға қытай мәдениетін жақынырақ біліп, қарапайым қытайлықтардың тұрмысын тануға, Қытайдың ұлттық ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.

Өткен жылғы 9-шы бәйгеге әлемнің 30 елінен 812 студент қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар - ҚХР-дағы жоғарғы білім беру орындарында тегін білім алу гранттары беріледі.