Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейіне қарай дүниежүзінде 122-орында

Сыбайлас жемқорлық деңгейіне қарай 122-ші орынды Қазақстан Украина және Қырғызстан елдерімен бөлісті. Бұрынғы Кеңестік республикалардың арасынан сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен елге Эстония саналды. Ол 31-орында болса, Грузия 133-ші орынды Тәжікстан және Түрікменстан елдерімен бөлісіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық дертінен бойын аулақ ұстайтын ең таза шенеуніктер Финляндия, Жаңа Зеландия, Дания, Исландия және Сингапурда тұрады. АҚШ бұл көрсеткіш бойынша 16-шы орында. Ең жоғарғы сыбайлас жемқорлық көрсеткіші Бангладеш пен Гаитиде тіркелген.
Transрarency International ұйымының есептеуінше, дүниежүзі елдерінің бюджеттері мемлекеттік қаржыны тарату барысында кем дегенде 400 млрд. доллардан қағылады екен.