Қазақстан сыртқы істер министрі АҚШ елшілер тобын қабылдады

Келіссөздер барысында кездесуге қатысушылар Қ.Тоқаевтың 2004-жылғы маусым айына белгіленген Вашингтон сапары қарсаңында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, АҚШ елшілерінің өтінішімен Қазақстан сыртқы істер министрі аймақтық ынтымақтастыққа қатысты өзекті проблемалармен бірге маңызды халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымы туралы баяндап берді.

Сол күні Қ.Тоқаев Кипр Республикасы президентінің арнаулы елшісі Х. Иоаннидесті қабылдады. Кездесу барысында шетелдік елші Кипр президенті Т.Папандопулостың Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған жолдауын табыс етті. Жолдауда 2004-жылдың сәуір айында осы елде өткен референдумның қорытындысы туралы баяндалған.